Қызылордада жүргізуші екі адамды қағып, оқиға орнынан ізін суытқан

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жаяу жүргіншілер жолында екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға Қызылорда қаласында тұратын Бұқарбай батыр көшесінің бойында жаяу жүргіншілер жолында болды. Көлік иесі жолдан өтпекші болған екі азаматшаны қағып, оқиға орынан қашып кеткен.

Бұл жөнінде хабар түскеннен кейін жедел іздестіру шаралары басталды. Оқиға орнында азаматтардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1 сағат ішінде күдікті автокөлік анықталды.

«Көлік тізгіндеген 36 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды. Бұған байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Онда көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы жағдайы көрсетілген. Оқиғаға байланысты Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Нартай Азат тиянақты жұмыс атқарды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада полицейлер кісі өлімін ізін суытпай ашты.


Соңғы жаңалықтар