Қызылордада жыл басынан бері 87 той тоқтатылды
Облыс орталығында құрылған мониторингтік топ құрамына қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция испекторлары енгізілген.
Мониторинг топ мүшелері күнделікті сауда нысандары, ойын-сауық орындары, ресторандар мен кафелерде түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Топ құрамына басқарманың 16 учаскелік полиция инспекторлары бекітілген.
«Жыл басынан карантин талаптарына байланысты 5710-нан астам нысандар араланды. Оның ішінде тәртіпті сақтамаған 306 құқық бұзушылық анықталған. Олардың 87-і той болса, қалғаны -жекелеген нысандар. Анықталған кемшіліктерге байланысты оған жол берген азаматтарды жауапкершілікке тарту мақсатында құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық департаментіне жолданып, олардың 159-на шара көрілді», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Қызылорда облысында жыл басынан бері 12609 адам коронавирус жұқтырды
Еске салсақ, Қызылорда облысында жыл басынан бері 12609 адам коронавирус жұқтырды .