Қызылордалық полицейлер Ақтөбеде зардап шеккендерге арнап қан тапсыруда (ФОТО)

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 5 маусымда Ақтөбе қаласында болған лаңкестік шабуыл салдарынан зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созу мақсатында қызылордалық полицейлер қан тапсыру шарасына өткізді.

Аталмыш шара Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен маусым айының 13-15 күндері аралығында өткізілуде. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараның басты мақсаты - қанды оқиғада көз жұмған  құрбандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасу, зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созу.

Бүгін таңғы сағат 9-дан бастап полиция қызметкерлері Облыстық медицина орталығына жиналып, өз еріктерімен қан тапсыру шарасын бастап кетті.  

Қамқорлық акциясына түске дейін барлығы 50-ге жуық қызметкер қатысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің «қиналғанға қол ұшын бер» принципін басшылыққа алатындықтарын дәлелдеді. Шара 15 маусымға дейін жалғасатын болады. 

null null null  

Соңғы жаңалықтар