18:54, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
Қызылордалық полицейлер кәнігі қарақшыны қолға түсірді
ҚЫЗЫЛОРДА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының криминалды полиция қызметкерлері Алматы қаласында жергілікті Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірге жүргізген жедел іс-шаралар барысында кәнігі қарақшы,

Қызылорда қаласының тұрғыны М.Қ. деген азаматты құрықтады.
Қызылорда қаласында 1988 жылы туған бұл азамат Сыр бойында бірнеше рет тонаушылыққа қатысқан. Қазір солардың деректері бойынша іздеуде жүрген болатын. Атап айтқанда, ол биылғы 27 қаңтар күні бір азаматшаның бетіне газ баллонын шашып, қолындағы сөмкесін тартып алып қашып кеткен. Бүгінде оның тағы осындай тәсілмен 3 азаматшаны тонағаны анықталды. Қарақшы олардың қол сөмкелеріндегі ақша мен ұялы телефондарын иеленген.
Күдікті қылмысын толық мойындап отыр.