Қызылордалық полицейлердің пәтер ұрлығы бойынша іс-шарасы өз нәтижесін беріп жатыр

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы көлемінде пәтер ұрлығының алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында 10-12 қазан аралығында қолға алынған «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында пәтерге ұрлыққа түскен бірнеше күдіктінің жолы кесілді.
None
None

Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазан айының 10 күні Қызылорда қаласының тұрғыны 1975 ж.т. азаматша И.Қ. таңғы сағат 5:00 шамасында белгісіз тұлғаның үйіне кіріп, ұрлық жасауға әрекеттенгені жөнінде Қызылорда ҚІІБ-ға шағымданды. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан саусақ іздерін алып, күдіктіні анықтауға кіріскен. Пәтерге түскен күдікті, Шиелі ауданының тұрғыны 1981 ж.т. азамат Ө.Т. ұсталды.

Аталған іс-шара аудандарда да нәтижесін беріп жатыр. 10 қазан күні Жаңақорған ауданының тұрғыны 1990 ж.т. азамат С.С. 7 қазан күні үйде ешкім жоқ кезде белгісіз тұлғаның терезе арқылы кіріп, сейфтен 190 мың теңге ақшасын ұрлап кеткендігі жөнінде Жаңақорған АІІб-не арызданған. Іздестіру нәтижесінде осы ауданның тұрғыны 1959 ж.т. азамат И.Н. қолға түсті.

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті соңғы уақыттарда облыс көлемінде пәтер ұрлығының жиі орын алуына байланысты тұрғындарға өз пәтерлерінің есік-терезелерін мықтауды ескертеді. Сондай-ақ, пәтерге ұры түскенін білген сәтте полиция бөлімшелеріне жедел хабарлауға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар