Қызылордалық тоғызқұмалақшылар ел чемпионы атанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Тоғызқұмалақтан ерлер арасында ел біріншілігінде Қызылорда облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордалық тоғызқұмалақшылар ел чемпионы атанды

Ел біріншілігі Ақтөбе қаласында өткізілді. Қызылордалық команда құрамында Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері Хәкімжан Елеусінов, спорт шебері Бексұлтан Бостандықов және спорт шеберіне үміткерлер Ермұхамед Әләйдар, Рауан Ыбрай, Асылбек Қаржаубаев және Дамир Ахметов болды. Ел біріншілігінде Ермұхамед Әләйдар, Рауан Ыбрай, Асылбек Қаржаубаев, Дамир Ахметов Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.

Ел біріншілігіне барлығы 13 өңірдің командалары қатысты. Жалпыкомандалық есепте Шымкент қаласы екінші, Павлодар облысы үшінші орынды иеленді.

Айта кетерлігі, үстіміздегі жылдың 14-20 ақпан аралығында Көкшетауда әйелдер арасында ҚР командалық чемпионаты өткізіледі.