Қызылордалық ұрлаған көлігімен жол жиегінде аударылып қалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық ұрлаған көлігімен жол жиегінде аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері бөтен көлікті ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасаған тұрғынды қолға түсірді. Ер адам облыс орталығындағы мекеменің бірінің алдында тұрған жол талғамайтын көлікті ұрлап кеткен. Кейін ол рульге ие бола алмай, жол жиегінде аударылған.

«Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті оқиға орнында ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы жүргізілуде. Онда автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз айдап кету жағдайы көрсетілген. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада жеңіл көлік өртеніп, бір адамды күйік шалды.


Соңғы жаңалықтар