15:11, 18 Шілде 2023 | GMT +5
Қызыңыз апатқа түсті, ақша керек: Алаяқтар зейнеткердің 15 млн теңгесін алдап алған
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде зейнеткерлерді алдап, ірі көлемдегі ақшасын иеленген алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

13 шілде 84 жастағы қала тұрғыны полиция бөліміне алданғанын айтып арызданды.
Зейнеткердің айтуынша, белгісіз тұлғалар қызының жол апатына тап болғанын және оған ота жасау үшін ірі көлемде ақша қажет екенін айтқан.
Ақшаны аудару кезінде 3 алматылық күдікті ұсталып, изоляторға қамалды.
Ұсталғандардан 15 млн теңге тәркіленді, олар банк терминалы арқылы ақшаны сыбайластарының шотына жібермек болған.
