Л.Гумилев атындағы ЕҰУ 20 студентіне Ақтөбе облысының әкімінің гранттары мен стипендиялары табыс етілді

Астана қаласында салтанатты жағдайда облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова Ақтөбе облысы әкімінің атынан үздік студенттерге 10 атаулы грант пен 10 атаулы шәкіртақыны табыс етті.
Бұл мұқтаж студенттерге ірі кәсіпорындардың қаржылай жебеушілігін тарту мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Ақтөбе облысы әкімінің бірлескен жобасын жүзеге асырудың нәтижесі іспеттес болып отыр. Облыс әкімі Елеусін Сағындықов университет басшылығының ақтөбелік студенттерге қолдау көрсету туралы бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдады. Университеттің әлеуметтік жобаларына Қазақстанның ірі кәсіпорындары мен компанияларын тарту студенттерді әлеуметтік қолдаудың облыстағы жетілдірілген жұмыс әдісінің бірі болып отыр, деп хабарлады баспасөз қызметінен.