Лауазымды тұлғалардың өз бетінше шешім қабылдау функциясы жойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың шешімді өз бетінше қабылдауына тыйым салу себебін түсіндірді.

Лауазымды тұлғалардың өз бетінше шешім қабылдау функциясы жойылды
Фото: Kazinform

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты күшейту мақсатында лауазымды тұлғаларды өз бетінше шешім қабылдау функциясынан айырдық. Қазір шешімдер комиссия арқылы қабылданады. Оның құрамында сарапшылар бар. Бұл әдіс шенеуніктердің өзіне де тиімді. Өйткені лауазымды тұлға жауапкершілікті жеке басына алмайды. Оның үстіне сыбайлас жемқорлық және лауазымды тұлғаға сенімсіздік таныту саясаты жағынан да маңызды», - деді Салауат Мүксімов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің мәлімдеуінше, шешімді комиссияның көмегімен қабылдау – тиімді құрал.

«Комиссия бір шешімге келмегеннің өзінде, ол миссиясын орындап тұр. Себебі оның құрамында әртүрлі ведомство мүшелері бар. Жер қатынастары саласында облыстық жер учаскелерін беру жөніндегі комиссиялар таратылды. Себебі ол миссия ақталмады және оған көп уақыт кетті», - дейді агенттік өкілі.

Бұған дейін С.Мүксімов мемлекеттік қызметтерді алуда бюрократия фактілері әлі де барын айтқан еді. 

Сондай-ақ, брифинг барысында мемлекеттік қызметші жемқорлық жасаса, кім отставкаға кету керектігіне түсінік берілді. 

Соңғы жаңалықтар