«Лай су ағып тұр»: Қызылордада судың түсі неге өзгерді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Instagram әлеуметтік желісінің «Критика Кызылорда» парақшасында Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен қатты лайланған су ағып жатқаны туралы бейнежазба тарады.

«Лай су ағып тұр». Қызылордада су түсі неге өзгерді?
Фото: Видеодан скрин

Бейнежазба авторы мұны қаланың Арай-3 шағын ауданындағы жағдай екенін баяндаған. 

Қызылорда
Фото: "Қызылорда су жүйесі" мекемесі

— Судың сапасы сын көтермейді. Осылай ағып тұрғанына екі күн болды. Әсіресе сенбі, жексенбі күндері осылай ағады. Судың сапасы қашан жақсарады?, — деді автор.

Кемшіліктің неден туындағанын «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің қызметкерлері зерттеп көрді.

— 14 желтоқсан күні «Арай» су алу құрылымының насос қондырғыларындағы электр қуатының уақытша ажырауы және қайта қосылуы салдарынан ауызсудың түсі өзгерген. Электр энергиясының тұрақсыздығынан Арай-3 тұрғын ауданындағы № 77, 78, 79, 80 көпқабатты үйлердің тұйықталған құбырындағы шөгінділер су беру уақытша тоқтап, кейін қайта іске қосылған уақытта көтеріліп, су лайланған. Шағым түскен кезден бастап Арай-2, Арай-3 тұрғын аудандарында ауызсу құбырын тазарту жұмыстары жүргізілді, — делінген кәсіпорын таратқан ресми хабарламада.

«Лай су ағып тұр». Қызылордада су түсі неге өзгерді?
Фото: "Қызылорда су жүйесі" мекемесі

Бүгінде мамандар жоғарыда көрсетілген үйлерге кіреберіс құбырды бақылау құдығына қосылған құбырдан жоғары көтеру бағытында жұмыс атқарып жатыр. 

«Лай су ағып тұр». Қызылордада су түсі неге өзгерді?
Фото: "Қызылорда су жүйесі" мекемесі

Бұған дейін Алматыда Есентай өзенінің түсі өзгеріп, тот түске айналды. Бұл өзгерісті 28 тамыз күні кешке қала тұрғындары байқап, желіде жаза бастады.

Соңғы жаңалықтар