Іле-Алатауы ұлттық паркінде бақылау жүйесі автоматтандырылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бақылау-өткізу бекеттерінде автоматтандырылған жүйе кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр.

Іле-Алатауы ұлттық паркінде бақылау жүйесі автоматтандырылды
Фото: видеодан алынған скрин

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мәліметінше, демалыс күндері Алмарасан мен Аюсай шатқалдарына ағылатын автокөліктердің саны артып, ұзын-сонар кезек пен кептеліс туындайтын. Осы мәселені шешу үшін жаңа жүйе іске қосылды. Енді автокөлік жүргізушілері алдын-ала төлем жасап, кедергісіз өте алады.

Жаңа жүйе көліктің мемлекеттік нөмірін автоматты түрде оқып, QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.

- Автоматтандырылған жүйе Алмарасан, Қаскелең, Бұтақты және Түрген шатқалдарында іске қосылды. Жақын уақытта Есік көлі және Ақсай шатқалында да орнату жоспарда бар. Бұл — келушілер үшін қолайлы жағдай жасау, әрі көлік қозғалысын реттеуге бағытталған маңызды қадам, - деп хабарлады ұлттық парктен.

Еске салайық, бұған дейін Іле-Алатауы табиғи паркінің аумағындағы фототұзаққа сирек кездесетін жануарлар түсіп қалғанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар