19:00, 04 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Іле-Балқаш резерватында Қызыл кітапқа енген құландар фототұзаққа түсіп қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерват аумағында орнатылған фототұзаққа Қызыл кітапқа енгізілген құландар түсіп қалды.

Құлан – жойылып кету қауіпі бар жануар. Қазақстанда құлан Қызыл кітапқа (ІІ санат) енгізілген, Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізімінде және CITES конвенциясының ІІ қосымшасында тіркелген.

Шөл және шөлейтті аймақтарда өмір сүреді, төзімділігімен және жүйріктігімен ерекшеленеді. Су көздеріне тәуелді болғандықтан, көбіне өзен-көлдер мен құдықтардың маңына жиналады.

Айта кетелік Көлсай көлдері ұлттық паркінде қызыл кітапқа енген қар барысы фототұзаққа түсіп қалған еді.