Ленин шахтасындағы жарылыс: айыптыларға сот үкімі шықты

шахта
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Шахтинск қаласында орналасқан Ленин атындағы шахтада метан жарылу фактісі бойынша 4 адамнан үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Шахтаның бас инженері тағы үш адамға Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3 бөлігі бойынша екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айып тағылған.

Прокурор Л.-ға -7 жыл, А., Б., З.-ға - 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап заң бойынша жаза тағайындауды сұраса, қорғаушы тарап сотталушыларды ақтауды сұраған.

Сотталушы А.-ның жас баласы бар, ол Қылмыстық кодекстің 53-бабына сәйкес жауаптылықты жеңілдететін мән-жай деп танылған, осыған орай А. үшін жаза 4 жылдан бас бостандығынан айырудан аспауы керек.

Сотталушылар Л, Б және З-ның да бұрын соттылығы жоқ, жұмыс және тұрғылықты жері бойынша оң еңбек өтілі бар, шахтер ретіндегі еңбегі үшін марапатталған.

Сот жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Л.-ға – 5 жыл, А.-ға – 4 жыл, Б. мен З.-ға – 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 3 қарашада түнгі сағат 3.03-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында метан газы жарылған. 

Жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 5 адамға жетті. 

Айта кетсек, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. 

Сондай-ақ, бірнеше кенші зардап шекті.

Кейін Ленин шахтасындағы апаттың себебі белгілі болды. 

Сол кездегі Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ленин шахтасындағы жағдайға 100 пайыз басшылық кінәлі екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар