Лейкопластырь орнына скотч: Ақтөбе облысының Денсаулық басқармасы түсінік берді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Онкологиялық ауруға душар болған ақтөбелік қан сынамасын тапсыру кезінде өзіне лейкопластырь орнына скотч жапсырған дәрігерлерге ренішін білдірді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазір сынама алу көбейген, сол себепті аталған медициналық құрал таусылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: instagram.com/pust_govoryat_aktobesvami

Ақтөбедегі әлеуметтік желілердің бірінде өңір тұрғыны өз шағымын білдірді.

«Мен онкологиялық есепте тұрмын. Анализ тапсырған соң ине ізі қалған орынға лейкопластырь жапсыруы тиіс. Бірақ бөлім мен емханада лейкопластырь жоқ. Оның орнына кәдімгі скотч басып берді. Ал біз онкологиялық дертке шалдыққандарға миллиондаған қаржы бөлінетінін білеміз», - деп жазылған шағымда.

Кейін Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізді. Себебін де анықтады.

«М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті жанындағы Медициналық орталық әкімшілігінің хабарлауынша, наурыз айында онкологиялық дертке шалдыққандардың жағдайын білу мақсатында кең көлемде қайта тексеру жұмысы жүргізілген. Сондықтан сынама алу саны артқан. 30 наурыз күні кейбір медициналық құрал, атап айтқанда лейкопластырь таусылып қалған. Құралға қосымша сұраныс берілді. Ресми жеткізуші қажетті затты үш күнде жеткізіп беруге келіскен», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

ФОТО: әлеуметтік желі https://www.instagram.com/p/CqkTdv5oG70/?igshid=MDJmNzVkMjY=


Соңғы жаңалықтар