Лицензияланған балабақшаларда жемқорлық азаяды – Гүлмира Кәрімова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балабақшаларды лицензиялау кезіне сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендейді. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Мектепке дейінгі білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Лицензияланған балабақшаларда жемқорлық азаяды – Гүлмира Кәрімова

«Балабақшаларды лицензиялау кезіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен деңгейі төмендейді. Өйткені, лицензия беру мемлекеттік қызмет көрсету саласына жатады. Ол толық автоматтандырылған. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың лицензия беретін органмен тікелей байланысы болмайды», - дедікомитет төрағасы.

Гүлмира Кәрімованың айтуынша, қазіргі таңда аталған қызметті енгізу бойынша нормативтік құжаттар әзірленіп жатыр. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін, процесс «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы автоматтандырылады.

Сонымен қатар брифинг аясында комитет төрағасы балабақшаларды лицензиялау бойынша халықаралық тәжірибеге тоқталған еді.