Лифттегі журналист өлімі: Сот залынан тұтқындалған механик шартты жазамен бостандыққа шықты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде журналист өлімінен соң сот залынан тұтқынға алынған механик Жарылқасын Ақжанов бостандыққа шықты. Ол барлық моралдық шығынды өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысында журналист Айзат Әбдісаматтың өлімінен соң қылмыстық іс сотта қаралып, «Жанабек Сервис» ЖШС-нің директоры Кенен Жанабеков пен механик Жарылқасын Ақжанов айыпты деп танылды. №2 қалалық соттың шешімімен Кенен Жанабеков 4 жылға шартты түрде, Жарылқасын Ақжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушы тарап апелляциялық шағым түсіріп, облыстық сотта шешім шықты.

«Жарылқасын Ақжановтың 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сол мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыруға өзгертілді. Сотталушы апелляциялық шағым түсіргенге дейін моральдық шығынды толық өтеді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар