Лионель Мессидің командасы клубтар арасындағы әлем чемпионатын тең есеппен бастады
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталды.

Аталған турнирдің шымылдығын әлемге әйгілі футбол жұлдызы Лилнель Месси ойын көрсететін АҚШ-тың «Интер Майами» клубы мен Египеттің «Аль Ахли» командалары ашты.
Кездесу барысында Лионель Месси алғашқы минуттан жасыл алаңға шықты. Тоқсан минут бойы ойын көрсетті. Десе де қарсылас команда қақпасына гол соға алған жоқ.
Осылайша командалар 0:0 есебіне қанағат білдіріп тарасты.
Сондай-ақ А тобында 16 маусымда 03:00-те «Палмейрас» (Бразилия) - «Порту» (Португалия) командалары шеберлік байқасады.
Ал бүгін, 15 маусымда 21:00-де «Бавария» (Германия) - «Окленд Сити» (АҚШ) командалары ойнайды.
Дүбірлі доп додасында 32 команда сынға түседі. Командалар 8 топқа бөлінді. Әр топта 4 клубтан ойын көрсетеді, олардың екеуі плей-офф кезеңіне шығады.
Қатысушылардың арасында биылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Пари Сен-Жермен» бар. Сонымен қатар еуропаның үздік клубтары «Реал Мадрид», «Манчестер Сити», «Бавария» және т.б клубтар турнирде бақ сынайды.
Чемпионатының жүлде қоры 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі.
Opta суперкомпьютері 2025 жылғы әлем чемпионатында қай команданың жеңімпаз атануы жөнінде болжам жасады. Аталған болжамға сәйкес чемпионаттың басты фавориті ретінде Францияның «Пари Сен-Жермен» командасының мүмкіндігі 18,5% пайызға бағаланады.