Литвада 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеу ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM — Литва парламентінің (Сейм) депутаты Дайва Ульбинайте жұма күні заңға түзетулер енгізуді ұсынды. Оған сәйкес, 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне шектеу қойылады, деп хабарлайды Анадолы Delfi.lt басылымына сілтеме жасап.

Германия может ввести запрет на соцсети для детей
Фото: journal.eu

Сондай-ақ, платформаларға пайдаланушылардың жасын тиімді тексеру міндеттеледі.

Депутаттың айтуынша, бұл өзгерістер балалардың әлеуметтік желілерге тәуелділігінің артуы мен олардың денсаулығына қауіп төндіретін нақты қатерлерді ескере отырып жасалған.

— Темекі, алкоголь немесе құмар ойындар сияқты қауіпті нәрселерге жас шектеуі бар. Цифрлық кеңістікте де адамның цифрлық жетілу жасын белгілеу қажет, сол арқылы ол өзінің әрекеттері үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Сондықтан мен әлеуметтік желілерді 16 жастан бастап қолдануға рұқсат ету және платформаларға жасын нақты растауды талап ететін тиімді жүйелерді қолдануды ұсынамын, — деді Ульбинайте.

Заңға өзгерістер енгізілген жағдайда, әлеуметтік желі қызметін ұсынушылар пайдаланушының жасын нақты растауға мүмкіндік беретін технологиялық механизмдерді қолдануға міндетті болады.

16 жасқа дейінгі балалар заңды негізсіз тіркелу немесе қызметті пайдалану мүмкіндігінен айырылатын болады.

Өз кезегінде платформалар жасын тексеру міндеттерін орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Айта кетейік, осы бастаманы қолдаған елдердің қатары көбейіп келеді. Мәселен, Аустралия жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына алғашқы болып тыйым салды.

Дәл осындай тыйым Ұлыбританияда салынатыны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум