05:58, 09 Ақпан 2026 | GMT +5
Ливанда тұрғын үй құлап, 5 адам мерт болды
АСТАНА. KAZINFORM — Ливанның солтүстігіндегі Триполи қаласында көпқабатты тұрғын үй құлап, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа.
Таббане ауданындағы оқиға орнын шаң басып, бұл жергілікті тұрғындардың үрейін үдетті. Төтенше жағдайлар қызметі төрт адамды үйінді астынан алып шығып, іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Ливан президенті Джозеф Аун құтқару жұмыстарын жүргізу және қираған ғимарат пен оның маңындағы тұрғындарды уақытша баспанамен қамтамасыз ету үшін барлық төтенше жағдайлар қызметтерін толық жұмылдыруды талап етті.
Айта кетейік, Тайландтың солтүстік-шығысында құрылыс краны құлап, жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Оқиға орнында 22 адам қаза тауып, шамамен 80 адам жарақат алды.