LIVE: Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильданың мемлекеттік сапары

АСТАНА. KAZINFORM - Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильданы салтанатты қарсы алу рәсімі өтіп жатыр. 

Бельгия
Фото: Kazinform

Мәртебелі меймандардың сапары 11-14 қазан күндеріне жоспарланған. 

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп және Патшайым Матильда«Қазақстан-Бельгия» іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.

Айта кетейік, кеше Бельгия монархтарын Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайдан күтіп алды. 

Қазақстан Президенті Бельгия Королінің сапарын тарихи мәнге ие деп бағалады.