LIVE: Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның I отырысы

АСТАНА. KAZINFORM – Дәл қазір Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтіп жатыр.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия
Фото: Kazinform

Тікелей эфир сағат 14:00-де басталды.

Сондай-ақ Kazinform агенттігінің қазақ және орыс тіліндегі Telegram арнасында мәтін трансляциясы болады.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында «Құрылтай» атты бір палаталы парламентке көшуді, вице-президент лауазымын қайтарып, заң шығару бастамасын көтеруге хақылы «Халық кеңесін» құру бастамасын көтерді.

Президент барлық реформалар өзара байланысты болып, мемлекет пен қоғам арасындағы келісімнің, бірлік пен диалогтың қазақ моделін нығайтуға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

21 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оның құрамына депутаттар корпусы мен өкілді билік органдарының мүшелері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар кірді. Бүгін осы комиссияның алғашқы отырысы өтіп жатыр.

Бұған дейін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамына кімдер кіргенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум