LIVE: Оман Сұлтанының Қазақстанға мемлекеттік сапары
АСТАНА. KAZINFORM - Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидті салтанатты қарсы алу рәсімі өтіп жатыр.
Оман Сұлтаны елімізге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. Мәртебелі мейманның мемлекеттік сапары 5-6 қазан күндеріне жоспарланған.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Оман Сұлтанын елорда әуежайында қарсы алды.
Одан кейін әуежай залында екі ел басшылары аз-кем әңгімелесті.