LIVE: Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары
АСТАНА. KAZINFORM — Астана халықаралық әуежайында елімізге ресми сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды қарсы алу рәсімі өтіп жатыр.
Еске салсақ 5-7 қараша күндері Мемлекет басшысының шақыруымен елімізге Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келетіні туралы жазған едік.
Айта кетелік Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 1,13 млрд долларға жеткен еді.
Сонымен қатар Қазақстан мен Тәжікстан экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындаған еді.
Тараптар саяси әрекеттестіктің тұрақты сипатқа ие болып отырғанын, жоғары және ең жоғары деңгейдегі байланыстардың үзілмей келе жатқанын, бұл екіжақты күн тәртібінің кеңеюіне ықпал етіп отырғанын атап өтті.
Сауда, инвестиция, өнеркәсіп, көлік және логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.
Қазақстан — Тәжікстанның негізгі үш сауда серігінің бірі. 2026 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін елдер арасындағы сауда айналымы былтырғымен салыстырғанда 25,6%-ға өсіп, 1,13 миллиард долларға жетті. 2025 жылы Тәжікстан экономикасына Қазақстаннан 133,8 миллион доллар инвестиция салынды, соның 14,4 миллион доллары тікелей инвестициялар.
Тараптар Сауда айналымын арттыру және Қазақстанның шикізат емес өнімдерін жеткізуді кеңейту бойынша жол картасын қабылдау туралы келісімге келді.