Лондонда фермерлер тракторларымен ереуілге шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Лондонда фермерлер ауыл шаруашылығы жерлеріне мұра салығын көтеруге қарсылық білдіріп, мемлекеттік бюджет жариялануына дейін наразылық акциясын өткізді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Агенттік The Standard басылымына сілтеме жасап хабарлағандай, наразы топ полицияның тракторларды қолдануға тыйым салуына қарамастан, тракторларымен барған. Акция астананың орталығында ірі кептелістерге себеп болды.
Көптеген наразылар тракторларына «Британдық ауыл шаруашылығын қорғаңыз», «Өлімге әкелетін салыққа жол жоқ», «Фермерлер жоқ болса, тамақ та жоқ», «Ұлыбританияның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз» деген ұрандары бар баннерлер іліп шыққан.
Акция британдық қаржы министрі Рейчел Ривс аптаның сәрсенбі күні парламентке бюджет туралы баяндамасын жасайтын уақытқа сай өткізілді.
Фермерлер наразылықтарын үзіліссіз сигнал беру арқылы көрсетуге тырысты. Акция таңертең өткендіктен, Лондон орталығындағы көлік қозғалысы іс жүзінде тоқтап қалды.
Бұдан бұрын Лондон орталығында полиция Palestine Action ұйымын қолдаған кемінде 90 адамды ұстағаны белгілі болды. Бұл ұйымды Ұлыбритания билігі шілде айында ресми түрде тыйым салынған деп таныған еді.