Лос-Анджелес мэрі АҚШ билігін қаланы «тәжірибе алаңы» етті деп айыптады

АСТАНА. KAZINFORM —  Лос-Анджелес мэрі Карен Басс федералды үкіметтің Ұлттық гвардия мен теңіз жаяу әскерлерін тарта отырып қалада тәртіпсіздіктерге қарсы іс-қимыл жүргізуін сынады.

Лос-Анджелес мэрі АҚШ билігін қаланы «тәжірибе алаңы» етті деп айыптады
Фото: Анадолы

 Ол бұл қадамды «қаламызды тәжірибе алаңы ретінде пайдалану» деп бағалады.

Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Басс президент Дональд Трамптың Лос-Анджелеске әскер кіргізу туралы шешімін түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, Трамп әкімшілігі бастапқыда рейдтер тек қылмыскерлер мен қамауға алу туралы ордері бар адамдарға бағытталады деп мәлімдеген. Алайда іс жүзінде билік өкілдері адамдарды тікелей жұмыс орындарынан ұстап жатыр.

— Бізге нақты кімдердің қамауға алынатыны туралы ақпарат берілген жоқ. Меніңше, біздің қаланы тәжірибе үшін қолданып отыр, — деді Басс.

ICE әрекеттеріне қарсы наразылықтар

Лос-Анджелесте АҚШ-тың Көші-қон және кеден қызметі (ICE) ұстаған заңсыз мигранттарды қолдауға бағытталған наразылықтар жалғасып жатыр. Бұл шерулер жаппай қамаулар мен полициямен қақтығыстарға ұласуда.

Президент Трамп Ұлттық гвардияны тәртіпті қалпына келтіру мақсатында енгізіп жатқанын мәлімдеді. Ол қалалық және штаттық билікті демократ губернатор мен қала әкімшілігін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ете алмады деп айыптады. 

Айта кетелік Нью-Йоркте иммиграциялық рейдтерге қарсы наразылық акциясы өткен еді

Бұған дейін АҚШ билігі наразылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыс кезінде Лос-Анджелеске тағы 2000 ұлттық гвардияшы мен 700 теңіз жаяу әскерін жіберіп жатқаны хабарланған.

 

Соңғы жаңалықтар