Лос-Анжелестегі өрттен қаза тапқандар саны 27-ге жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Лос-Анжелестегі өрттен зардап шеккен 69 жастағы ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды CNN. 

Лос-Анжелестегі өрттен қаза тапқандар саны 27-ге жетті
Фото: AP nuotr.

Калифорниядағы орман өрті 27 адамның өмірін қиды. Жақында құзырлы органдар бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен 69 жастағы ер адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Сарапшылар мен тергушілер CNN-ге аймақтағы ірі өрттің қалай шыққанын анықтауға бірнеше ай кетуі мүмкін екенін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін ауқымды өрт салдарынан 25 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. 

Сондай-ақ Калифорниядағы әлемдегі ең үлкен батареяларды сақтайтын зауыттардың бірінде өрт шығып, шамамен 1 500 адам эвакуацияланды.

Соңғы жаңалықтар