Люксембург Палестинаны ресми түрде мойындайды

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Еуропалық елдің премьер-министрі Люк Фриден мен Сыртқы істер министрі Ксавье Беттель мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Люксембург Палестинаны ресми түрде мойындайды
Фото: Әділет Бірімқұлов/ Kazinform

RTL телеарнасының хабарлауынша, Люксембургтің ұстанымы дүйсенбі күні парламенттік комиссияның отырысында ресми түрде жарияланған.

Ақпаратқа сәйкес, Люксембургте Палестинаны тану мәселесі көптен бері талқыланып келеді. Бірақ ел «қолайлы сәтті» күтті.

Люксембург үкіметі БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында Палестинаны тану үшін Франция, Ұлыбритания, Канада және Бельгияға қосылады деп жоспарланып отыр.

Өткен жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясы Палестина мәселесін бейбіт жолмен реттеу және екі мемлекет — Израиль мен Палестинаны құру туралы шешімді жүзеге асыру туралы декларацияны басым дауыспен мақұлдағанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар