10:55, 02 Сәуір 2026 | GMT +5
ІІМ 13 жастағы жасөспірімді іздеп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Қарағанды облысы Абай қаласында 2012 жылы туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы із-түссіз жоғалып кетті.
Ол 1 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған.
Жеке мәліметтері:
Жасы – 13-те. Бойы шамамен 150–155 см, дене бітімі орташа. 7-сынып оқушысы.
Киімі:
Қара күртеше, қызғылт сары футболка, қара шалбар және жасыл аяқ киім киген.
Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Полиция жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-707-444-07-74, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе «102» арнасына хабарлауды сұрайды.
Тәртіп сақшылары кез келген ақпарат маңызды екенін ескертіп, азаматтарды бейжай қалмауға шақырды.
Айта кетейік, Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірім іздестіріліп жатыр.