11:30, 16 Наурыз 2026 | GMT +5
ІІМ 15 жастағы жасөспірімді іздеп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігі 15 жастағы Қамбар Мәлібекті іздестіріп жатыр.
Жасөспірім 15 наурыз күні Астана қаласындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Белгілері: Бойы — шамамен 160–165 см
Дене бітімі — орташа
Киімі — қара күртеше, қара шалбар, қара аяқ киім.
Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-817-16-32, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе «102» арнасына шұғыл хабарлауға шақырады.
Айта кетелік Петропавлда 18 жастағы жігітке іздеу жарияланған еді.