ІІМ Астанада тіркеу ережелеріне өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Ішкі істер министрлігі халықты тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Жоба «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленген.
Атап айтқанда, Ережелерге Астана қаласында тіркеу шарттарына қатысты жаңа тармақ енгізіледі.
– Елорда аумағында тұрақты тұру және уақытша болу (тұру) орны бойынша тіркеу Қазақстан Республикасының «Астана қаласының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, елорданың жергілікті өкілді органы бекітетін тіркеу нормативтерін ескере отырып жүзеге асырылады, – делінген жоба мәтінінде.
Құжат 2025 жылғы 11 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.