13:19, 27 Ақпан 2026 | GMT +5
ІІМ Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдіктінің ұсталған сәтін жариялады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — ІІМ Атырау облысындағы ата-енесін өлтірді деген күдіктінің ұсталған видеосын жариялады.
ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстаған болатын.
Онымен бірге бұрынғы әйелі де анықталған.
Айта кетелік Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдікті Индонезияда ұсталғаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке екі адам ілінгенін айтқан еді.