ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің экс-басшысы сотталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 19 қарашада Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің бұрынғы басшысы Данияр Мейірханға қатысты үкім шығарды. 

Данияр Мейірхан
Фото: Polisia.kz

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 123-бабының 1-бөлігі («Жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу») бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оған 1 500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 6 487 500 теңге көлемінде айыппұл салды.

Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды.

Үкім әзірше заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2026 жылғы сәуірде Данияр Мейірхан тексеру аяқталғанға дейін қызметінен шеттетілген еді. Оған қызметтік өкілетін асыра пайдаланды және әріптес әйелге тиісіп, мазасын алды деген айып тағылған. Сонымен қатар оған бағынышты 20 қызметкер ұжымдық арыз түсірген.

Ішкі істер министрлігі кейінірек, 2026 жылғы мамырда Данияр Мейірханға қатысты сталкинг фактісі бойынша қылмыстық істің тоқтатылғанын хабарлады.