ІІМ есірткі сататын чаттар мен сайттардың анонимді оқырмандарын қалай тексереді

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында есірткі сататын сайттардың анонимді қолданушыларын әшкерелеуге не кедергі екенін айтты.

Прокуратура суицидке итермелеуі мүмкін 15 мың сайт пен сілтемені бұғаттады
Фото: Kazinform

- Әрине, бұл бағытта ұялы байланыс операторларымен, оның ішінде KCell компаниясымен де нөмірлерді анонимсіздендіру бағытында өзара уағдаластық бар. Бірақ, өкінішке қарай жекелеген кейбір нөмір иелері VPN қолданады. Олардың ізін кесу мүмкін емес. Бірақ қалай дегенмен де әр қылмыстың цифрлық ізі қалады. Әр қылмысқа жіті ден қоямыз. Әлеуметтік желіні, интернет кеңістікті бақылау бағытында жүйелі жұмыс жолға қойылған. Бұл жерде тек мәселе уақытқа ғана тіреліп тұр. Нөмір иесін қашан анықтай алғанымызға байланысты бәрі, - деді ол журналист сұрағына берген жауабында.

ІІМ өкілі мұндай сайттарға кірген адамның бәріне нашақор деп қарауға болмайтынын айтады.

- Мен бұл жерде есірткі саудасына арналған сайттарға кіретіндер туралы да айтып отырмын. Олардың арасында заңға бағынатын, парасатты адамдар бар. Ондай адамдар таргеттелген жарнаманың кесірінен алданып сол сайттарға тап болып жатады, - деді Қуандық Әлжанов.

Еске салсақ, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева анонимді телеграм арналардың жұмысы ашық шығарылатынын айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар