М.Құл-Мұхаммед пен Б.Сапарбаев лаңкестер қолынан қаза тапқан ақтөбелік азаматтардың отбасыларына барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев лаңкестер қолынан қаза тапқан ақтөбелік азаматтардың отбасыларында барды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.
None
None

Атап айтқанда, олар 2016 жылғы 5 маусымда қаза тапқан Николай Александрович Онищенко мен Михаил Витальевич Матросовтың үйінде болды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Бердібек Сапарбаев қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына Елбасының атынан көңіл айтып, барша Қазақстан халқының олардың қайғыларына ортақ екендігін жеткізді.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары мен облыс әкімі Ақтөбе қаласында болған жантүршігерлік лаңкестік оқиғаға қатысы бар қылмыскерлер заңмен қатал жазаланатынын, қаза тапқандардың отбасыларына қолдау мен көмек көрсетілетінін айтты.

«Президент ешкімді мемлекет назарынан тыс қалдырмауды атап тапсырды», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.


  

Соңғы жаңалықтар