Мадагаскар әскерилері алқалы басқару органын құрды

АСТАНА. KAZINFORM — Мадагаскарда 14 қазанда билікке келген әскерилер алқалы басқару органы — Президент жанындағы реформалар кеңесі құрылғанын жариялады, деп хабарлайды L’Express de Madagascar басылымы.

Военные Мадагаскара создали коллегиальный орган управления
Фото: L'Express de Madagascar

Кеңесті полковник Майкл Рандрианирина басқарады. Басқарушы органның толық құрамы әлі жарияланған жоқ. Оның құрамында қазірдің өзінде армия мен жандармерия өкілдері бар. Болашақта бейбіт тұрғындар да қосылуы мүмкін.

Басылымның хабарлауынша, жаңа конституция қабылданғанға дейін бұл елде мазмұны әлі жарияланбаған «Мадагаскар Республикасының өтпелі кезеңінің хартиясы» басқарылады.

Майкл Рандрианирина сонымен қатар өтпелі жоғарғы сот органы ретінде Жоғары реформалар сотын құру туралы хабарлады. Бұл сот екі жыл ішінде мемлекеттің конституциялық негіздеріне шолу жасап, жаңа конституция бойынша референдум ұйымдастырып, жалпыхалықтық сайлау өткізеді.

Бірнеше күн бұрын Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина наразылық шерулерінен кейін елден қашып кетті.

Gen Z Mada интернет-жастар қозғалысы күнделікті су мен электр қуатының үзілуіне қарсы наразылық акциясын ұйымдастырды. Мадагаскардағы алғашқы наразылық шерулері 25 қыркүйекте басталды, кейін демонстрациялар жұмыссыздықтың, жемқорлықтың және өмір сүру құнының өсуіне байланысты президент Андри Радзуэлина үкіметіне наразылыққа ұласты.

Кейінірек Мадагаскар әскерилері билікті басып алғанын жариялады.

Әскерилер билікті басып алғанын жариялаудан бірнеше минут бұрын парламент мүшелері Андри Радзуэлинаны қызметінен босатуға дауыс берді.

Соңғы жаңалықтар