Мадагаскар президенті үкіметті тарату туралы шешімін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина дүйсенбі күні үкіметті тарату туралы шешімін жариялап, жаңа премьер-министрді үш күн ішінде тағайындайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа жазды.

Мадагаскар, Африка
Фото: pixabay.com

— Мен премьер-министр мен үкімет мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату туралы шешім қабылдадым, — деді ол теледидар арқылы жасаған үндеуінде.

Мұндай мәлімдемеге Антананариву мен басқа да ірі қалалардағы бірнеше күндік наразылықтар себеп болды.

Бұл наразылықтарға жиі болып тұратын электр жарығының сөнуі мен су тапшылығы себеп болған.

Кейбір наразылықтар кезінде тәртіпсіздік пен тонау фактілері тіркеліп, олардың салдары ел экономикасына елеулі залал келтірді.

Бұдан бұрын Франция бір ғасыр бұрын өлтірілген корольдің бас сүйегін Мадагаскарға қайтарғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар