08:24, 08 Қазан 2025 | GMT +5
Мадридтің орталығында ғимарат опырылып түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Құтқарушылар үйінділердің астынан іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ВВС.
Екі адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды AFP Мадрид мэрі Хосе Луис Мартинес-Альмейдаға сілтеме жасап.
Мадридтің туристік орталығындағы Пласа-Майор алаңына жақын жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимарат сейсенбі күні түс ортасында опырылып түсті. Мадрид мэриясының хабарлауынша, кем дегенде үш адам жарақат алған.
Мэрия сайтындағы мәліметке сәйкес, бұрын кеңсе ретінде пайдаланылған алты қабатты ғимарат қонақүйге айналдырылып жатқан.
Қыркүйекте Мадридте бардағы жарылыстан кемінде 14 адам зардап шеккенін жазған болатынбыз.