МАГАТЭ: Иран уранды қайта байыта бастауы мүмкін
АСТАНА. KAZNFORM – Иран бірнеше айдан соң-ақ уранды байыту ісіне кірісуі мүмкін, деп мәлімдеді МАГАТЭ басшысы. Оның сөзінше, АҚШ пен Израильдің соққылары Тегеранның ядролық бағдарламасына толыққанды нұқсан келтіре алмаған.

Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) басшысы Рафаэль Гросси жексенбі, 29 маусым күні CBS телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп жазды dw.
- Иранда энергия бар және ол өздерінде қалды. Алдағы бірнеше айда, мүмкін одан да ертерек оларда айнала отырып, байытылған уран өндіретін бірнеше центрифуга каскады болуы мүмкін. Оларда бәрі құрыды, онда ештең жоқ деуге болмайды,- деді Гросси.
-Иранның атом бағдарламасына шығын келтірілді, бірақ бәрі түгел жойылған жоқ. Оларда өнеркәсіп және технологиялық қуаттар бар. Сол себепті егер қаласа, олар оны жасауды қайта бастай алады, - деп қосты ұйым басшысы.
25 маусым күні Иран парламенті МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтату туралы заңды қабылдады.
Ұйым өкілдері енді инспекция жүргізу үшін елге кіре алмайды. Заң жобасын әлі Иранның Конституциялық сақшылар кеңесі мен Қауіпсіздік кеңесі мақұлдауы керек.
28 маусым күні мемлекеттік Mehr агенттігі Иран биілігі Гроссидің елдің ядролық нысандарына баруына тыйым салды, деп хабарлады.
МАГАТЭ сонымен қатар онда бейнекамераларды да орната алмайды.
Осыған дейін Трамп Иранның ядролық нысандарының толық жойылатынын мәлімдеген болатын.
МАГАТЭ өкілдері Израильдің соңғы шабуылынан Ирандағы ядролық қондырғылар зақымдалған жоқ, деп мәлімдеді.