Магистратура мен докторантурада оқитындар әскерден босатыла ма

АСТАНА. KAZINFORM — Шетелде қашықтан білім алу әскерден жалтаруға негіз бола алмайды. Бұл туралы Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

Магистратура мен докторантурада оқитындар әскерден босатыла ма
Фото: Kazinform

— Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру шет мемлекеттердің оқу орындарында қашықтан оқытуды қолдану арқылы білім алатын азаматтарға берілмейді, — деді ол.

Сондай-ақ, ол Фархат Айдарбаев күндізгі бөлімде жоғары білім алып жүрген студенттер әскерден қалай босатылатынын түсіндірді.

— Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру білім берудің әрбір деңгейі үшін бір рет беріледі. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын азаматқа әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру резидентурада, магистратурада немесе докторантурада оқу кезінде тиісінше бір рет беріледі.

Сонымен бірге, білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алатын азаматтарға, егер осы ұйым Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асырған жағдайда беріледі, — деді Қарулы күштері Бас штабының өкілі.

Бұған дейін 28 тамызда Қазақстанда ресми түрде күзгі әскерге шақыру науқаны басталғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар