Магистратура мен докторантураға түсу үшін халықаралық сертификаттар керек пе

«Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады», - деп аталып өткен министрліктің Telegram каналында.
Сонымен қатар, докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат міндетті болып саналады.
Айта кетейік, Duolingo English Test 2021-2022 оқу жылына магистратура мен докторантураға түсу кезінде шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар тізімінен шығарылады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау 1 маусымда басталады.
Ал докторантураға өтініш қабылдау 3 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады.