Махмұд Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасады
АСТАНА.KAZINFORM – 23 жастағы әлем чемпионы, Қазақстан ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүрген Махмұд Сабырхан кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Nomad Promotions компаниясының хабарлауынша, Махмұд Сабырхан 5 сәуір күні өтетін Жәнібек-Анауэль айқасы андеркартында жұдырықтасады. Оның қарсыласы — филиппиндік Джей Фрэнсис Бурай (13-3-1, 3 КО).
Боксшылар 55,3 кг салмақта 6 раундтық жекпе-жек өткізеді.
Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) қарсы чемпиондық белдіктерін қорғайды.
Сондай-ақ бұл күні Сұлтан Зауырбек пен Батыр Жүкембаев та бокс кешінің көрігін қыздырады деп жоспарланып отырғаны белгілі болды.
Кәсіпқой боксшы осыған дейін өткен баспасөз маслихатында Kazinform тілшісіне алдағы жоспары туралы айтып берген болатын.