Малатьяда жер сілкінісінен 69 адам зардап шекті

АНКАРА. ANADOLU – ҚазАқпарат - Түркияныі Малатья провинциясының Йешилюрт ауданында болған жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
None
Фото: Анадолу Агенттігі

Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:04-те тіркелген жер сілкінісінің ошағы Йешилютр ауданында болды.

Түркия үкіметінің Төтенше жағдайларды басқару және алдын алу басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісі салдарынан 25 үй құлаған.

Апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

AFAD басшысы Юнус Сезер Малатиь провинциясында болған зілзала салдарынан 1 адам қаза тауып, 69 адамның жарақат алғанын айтты.

AFAD халықты зардап шеккен ғимараттардан аулақ жүруге шақырды.

Еске салайық, Түркияның Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды.

Еске салайық, 25 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:27-де Түркияның орталық бөлігіндегі Нигде провинциясында жер сілкініп, магнитудасы 5,3 болды.

Оның ошағы 7 шақырым тереңдікте жатыр. Бұған дейін Түркияның шығысы мен орталық бөлігінде, Малатья, Бингеле, Сивас және Конья провинцияларында 24 ақпанда кешке және 25 ақпанға қараған түнде жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар