Мальдив шетелдік туроператорларға салық енгізеді

АСТАНА. KAZINFORM - Мальдив парламенті шетелдік туроператорларды, туристік агенттіктерді және онлайн брондау платформаларын Мальдивтің ішкі кіріс басқармасында (MIRA) тіркелуге және туристік тауарлар мен қызметтер салығын (TGST) төлеуге міндеттейтін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды The Standard Maldives.

Мальдивы вводят налог для зарубежных туроператоров
Фото: IM Maldives

Заң «тағайындау принципін» енгізу есебінен туризм салығы жүйесіндегі олқылықты жоюға бағытталған. GST енді шетелдік компаниялар елден тыс жерде орналасса да, олар Мальдивте сататын туристік қызметтерге қолданылады.

Талаптар 2026 жылдың қазан айында күшіне енеді.

Реформа мемлекеттік бюджетке жыл сайын шамамен 1,61 миллиард Мальдив руфиясын (105 миллион АҚШ доллары) қосымша кіріс әкелуі тиіс.

Бұған дейін Қытай шетелдік туристер үшін Tax Free жүйесін жеңілдетіп жатқаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстанда туризмге салынған инвестиция 1,2 трлн теңгеден асқанын жаздық.