Мамандандырылған ХҚКО-да биометриялық сәйкестендіру енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM — «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясын енгізілді.

биометрия
Фото: istockphoto.com

Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-да азаматтар қызметке жүгінгенде сәйкестендіруді орталық қызметкері жүзеге асыратын. Енді рәсімдеу барысында азаматтың түрі суретке түсіріледі, одан кейін оны жүйе автоматты түрде жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында сақталған суретпен салыстырады. Бұл қызмет көрсету барысында жалған суретті немесе телефон экранындағы фотосуретті қолдануға жол бермейді. 

— Біз мемлекеттік қызмет алу жүйесіндегі ашықтықты тек ішінара ететін және заңсыз әрекеттерге жол беретін адами факторды жойдық. Биометриялық сәйкестендіру — заң бұзушылықтар санын азайтып, мамандандырылған ХҚКО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға тікелей жол ашады. Бұл заманауи технология мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін толығымен заңды әрі ашық етуге жасалған тағы бір қадам, — деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Егер азамат биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, жүйе қызмет көрсету мүмкіндігін бұғаттайды.

Айта кетсек, мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-дан бөлек электрондық үкімет порталы, сонымен қатар «ХҚКО» мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да алуға болады.

Еске салсақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекте тұру уақыты 120 минуттан 40 минутқа дейін қысқарды

Соңғы жаңалықтар