Маңғыстауда 62 кәсіпкердің құқығы қорғалды

АҚТАУ. KAZINFORM — Бейнеу ауданында прокуратура мен аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы жүргізген тексеріс нәтижесінде, 62 кәсіпкерге жалпы сомасы 16,6 млн теңге болатын негізсіз хабарламалар берілгені анықталды.

Алматы қаласы әкімдігі бизнесті қолдайды: кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайту ұсынылды
Фото: Алматы әкімдігі

— Салық органы салықты есептеген кезде сатылатын мүліктің құны туралы қате деректерді қолданғаны анықталды, соның нәтижесінде негізсіз хабарламалар жіберілген. Сонымен қатар, салық органы мүліктің нарықтық құнын анықтамаған, яғни бағалау құны немесе уәкілетті органның ресми кадастрлық құны туралы нақты мәліметтер алмаған. Нәтижесінде кәсіпкерлерге заңсыз шектеулер қолданылып, есеп шоттары бұғатталған және қызметі тоқтатылған, — делінген хабарламада.

Анықталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заңсыз хабарламалардың күші жойылған. Заң бұзушылықтарға жол берген тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылып, 62 кәсіпкердің құқығы қорғалды. 

Бұған дейін хабарланғандай, Бас прокуратура есірткіге қатысты ақшаны бақылауға арналған ЖИ платформасын іске қосты.

Соңғы жаңалықтар