Маңғыстауда өңірдің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын таныстыратын көрме ашылды

АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтау қаласындағы Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде аймақтың бай рухани-мәдени мұрасы қойылған Маңғыстау «Этнография» залы іске қосылды.

Маңғыстаудағы көрме
Фото: Аягөз Ізбасарова

Аумағы 600 шаршы метрді құрайтын жаңа экспозициялық залда өңірдің дәстүрлі мәдениеті, тұрмысы, қолөнері мен тарихи-мәдени құндылықтары кеңінен қамтылған.

көрме
Фото: Аягөз Ізбасарова

Көрмеде діни-наным сенімдер мен ислам діні, өлке этнографиясын зерттеуші ғалымдар тобы, Маңғыстау құдықтары, егін шаруашылығы және бақташылық, Адай жылқысы, аңшылық дәстүр мен тас қашау өнері, өлкенің музыкалық мұралары, ұлттық киім үлгілері, тері мен сүйектен жасалған бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар мен ұлттық ойын және аяқ-киім үлгілері мен киіз үйлер сияқты бірнеше бағыт қамтылған.

көрме
Фото: Аягөз Ізбасарова

Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Салидің айтуынша, көрмені жасақтауға жарты жыл уақыт кеткен. Залдың тақырыптық құрылымдық және тақырыптық экспозициялық жоспары былтыр жасақталып, биыл маусым айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілген.

көрме
Фото: Аягөз Ізбасарова

- «Этнография» залына алғаш рет «Маңғыстаудың күміс әлемі» атауымен зергерлер қолынан шыққан 250 астам күміс жәдігерлер топтамасы қойылды. Залдың жасақталуы қарсаңында адайдың бес жүйрігі Қашаған Күржіманұлының және би әрі, болыс болған Өсербай Сәрсенбайұлының домбыралары музей қорын толықтырып, экспозициядан орын алды.

Экспозицияның аумағында 3 тақырыптық диорамма, 6 көркемдік панно өлкеміздің салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпынан мәлімет беретін арнайы тақырыптарда жасақталды. Сонымен қатар киіз үй эвалюциясынан бастап, тарихи сәулет ескерткіштерінің арнайы макеттері жасақталып, көпшілік назарына ұсынылды. Аталған экспозиция залы өлкеміздің мол мұрасы жайлы көлемді ақпарат береді, - дейді Нұртас Сали.

көрме
Фото: Аягөз Ізбасарова

Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі – өлке тарихынан сыр шертетін рухани-мәдени құндылықтарды, өңірдің баға жетпес байлығы-асыл мұралары мен танымал тұлғалары туралы деректерді жинақтап, зерттеп-зерделеп, насихаттайтын мәдени ошақ.

көрме
Фото: Аягөз Ізбасарова

Мұнда Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған, Қазіргі Қазақстан, Тарих, Археология, Мұнай өндірісі, Ақтау қаласы және Қазақстан халқы ассамблеясының тарихы экспозициялық залдары, сонымен қатар «Этнография» және «Маңғыстаудың түз тағылары», «Тетис құпиялары» көрме залдары жұмыс істейді.

Бұған дейін, Астанада Қазақстан музейлерінің бірыңғай цифрлық жүйесі таныстырылған болатын.

көрме
Фото: Аягөз Ізбасарова
көрме
Фото: Аягөз Ізбасарова
көрме
Фото: Аягөз Ізбасарова
көрме
Фото: Аягөз Ізбасарова
көрме
Фото: Аягөз Ізбасарова
көрме
Фото: Аягөз Ізбасарова

 

 

Соңғы жаңалықтар