Маңғыстауда тасымалдаушыларды бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды

18 қыркүйекте Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полициямен бірге бопсалады, ауыр дене жарақатын салды және заңсыз қару сақтады деген күдікпен қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

қылмыстық топ,
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Операция кезінде топ көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталып, атыс қаруы және оқ-дәрі тәркіленді.

Қолда бар деректерге сай, олар физикалық жәбір көрсету қауіпімен облыстық және халықаралық жолдарда жеке тасымалмен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражат талап еткен.

қылмыстық топ,
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Шабуылға тап болған жәбірленушілер арасында лауазымдық міндетін атқарып жүрген шекараның әскери қызметкері бар. 

Сот санкциясымен олар қамауға алынды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. 

қылмыстық топ,
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

Соңғы жаңалықтар