Қазақ журналистері ҰҚК арнайы полигонында күш-жігерін сынап көрді

тур
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

АҚТАУ. KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған шараға телеарналар мен ақпараттық сайт журналистері қатысуда. Баспасөз туры бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өтіп жатыр.

тур
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Журналистер баспасөз турының бірінші күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметі департаментінің жағалау күзеті бірінші дивизионының жұмысымен танысты.

Содан соң арнайы мақсаттағы қызметтің оқу-жаттығу полигонына барды. 

тур
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі бастығының орынбасары Айгүл Айнабекованың айтуынша, Маңғыстауда баспасөз туры алғаш рет өткізіліп жатыр.

Бұған дейін Астана мен Түркістан облысында ұйымдастырылған. 

тур
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

— Комитет бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас жасау үшін болашақта барлық өңірде осындай іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Баспасөз туры аясында журналистерге террорлық шабуыл мен дағдарыс жайлы ақпарат жариялаудың ерекшеліктері айтылды, — дейді Айгүл Айнабекова.

тур
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

БАҚ өкілдеріне арнайы мақсаттағы қызметтің оқу-жаттығу полигонында ҰҚК-нің арнаулы бөлімшелерінің қарумен жабдықталуы, заманауи қару-жарақтары көрсетілді.

Одан кейін барокамерада 10 метр тереңдікке дейін құрғақ сүңгу ұйымдастырылып, әртүрлі қару түрлерінен практикалық атыс болды.

тур
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ал, жағалау күзетінің бірінші дивизионында теңіз шекарашылары кемеде өрт кезінде жүргізілетін оқу-жаттығуларын көрсетті.

БАҚ өкілдері шекаралық экипаждардың төтенше жағдайларларға дайындығына куә болды. 

тур
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
тур
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар