Маңғыстауда жол-көлік апатынан 10 адам қаза тапты

АҚТАУ. KAZINFORM — Жантүршігерлік оқиға 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан автожолда болған.

жол апаты
Фото: Report

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Hiace» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен. Көліктің ішінде жолаушылар болған.

— Жол апатының салдарынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, — делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

Еске салсақ, бұдан бұрын CҚО-дағы жол апатынан екі полицей көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар